«MyCar Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан – әрі MyCar немесе біз) сіздің жеке өміріңізге қол сұқпау құқығыңызға аса құрметпен қарайды және сіздің Дербес ақпаратыңызды қорғауға қатысты міндеттеме бойынша толық жауапкершілік көтереді. Біз сіздің Дербес ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық заңды құралдар мен шараларды қолданатынымызға кепілдік береміз және оны осы Құпиялылық саясатында (бұдан әрі – Саясат) қарастырылған мақсаттарда пайдаланатынымызды мәлімдейміз.
Осы Саясатта Дербес деректерді жинау, пайдалану және беру жолымыз (осы Саясатта келтірілген анықтамаға сәйкес) түсіндіріледі.
Осы Саясат — Интернет желісіндегі
https://mycar.kz/user_agreement мекенжайында орналастырылған және/немесе қолжетімді Пайдаланушы келісімінің (бұдан әрі – «Келісім»), сондай-ақ сізбен жасасқан басқа да шарттардың (соның ішінде өтінім, келісім және т. с. с. түріндегі) немесе сізбен жасасуымыз ықтимал шарттардың ажырамас бөлігі болатынын естен шығармау керек.
Осы сайттың, сондай-ақ басқа да сайттардың қызметтерін, MyCar мобильді қолданбаларын қолдана отырып, сіз Саясатпен келісетініңізді білдіресіз, сонымен бірге өз еркіңізбен және өз мүддеңіз үшін Дербес ақпаратыңызды жинауға, жазуға, сондай-ақ осы Саясатта белгіленген мақсаттарда автоматтандыру құралдарын пайдаланып немесе өз қалауымыз бойынша осындай құралдарды пайдаланбай жүйелеу, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру, соның ішінде трансшекаралық (тарату, беру, қолжеткізу), иесіздендіру, бұғаттау, жою сияқты өңдеу тәсілдеріне келісіміңізді бересіз. Құпиялылық саясатының шарттарына келіспейтін жағдайда сіз сайтты, сондай-ақ басқа да сайттарды MyCar, моблильді қолданбасын пайдалануды тоқтатуыңыз керек.
Осы Саясат кез келген уақытта алдын ала ескертпестен, MyCar қалауы бойынша, қажеттілікке байланысты немесе қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.